13 қыркүйек 2022
II ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ФОРУМЫ
«Транстелесофт» ЖШҚ 2022 жылғы 13.09 күні «ТМХ-ИС»-пен бірге II ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ФОРУМЫНА көрмедегі стендімен және «Борт» мысалында локомотивтік борттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту» баяндамасымен қатысты. «ТМХ-ИС» және «Транстелесофт» өкілдері дивизион компаниялары Қазақстан теміржол желісі үшін іске асырып жатқан және ұсынып отырған жобалар туралы айтып берді: вагондармен алға қозғалу кезіндегі қашықтан бейне бақылау жүйесі CTRL@VISION 100 WE
Майлытоғай теміржол станциясындағы CTRL@LOCK 400 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі
«Борт» локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесі Форумның негізгі мақсаттары — қауіпсіздік пен цифрландыруды қамтамасыз ету және тасымалдау процесі кезінде адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру жағдайларын болдырмау үшін алдын алу шараларын әзірлеу. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, «Ресей теміржолдары» АҚ, «Беларусь теміржолы» ММК, «Өзбекстон темир йуллари» АҚ, «Қырғыз темір жолу» ММК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлікшілер одағы және басқалары, көлік қауіпсіздігі мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық жүйелерді өндірушілер, жобалау бюролары мен басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдары, консалтингтік және жобалау ұйымдары, білім беру мекемелері, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар қатысты. Форум барысында мынадай секциялар өтті: теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету; көлік жүйесін жаңғырту және теміржол саласын цифрлық трансформациялау; вагондар мен вагон шаруашылығы; елдің көлік, логистика және байланыс саласы үшін кадрлар даярлау тұжырымдамасы.

Форум аясында көлік-логистика саласының өнімдері мен Академияның зияткерлік меншігін дамыту көрмесі ұйымдастырылды. «Транстелесофт» компаниясы стендте «Борт» локомотивтік борттық қауіпсіздік жүйесін, тежегіш башмактары мен шағын механикаландыру құралдарын сақтау және пайдалануды бақылаудың интеллектуалды жүйесін, бейнебақылау және тіркеу жүйелерін ұсынды.







Баяндама бейнесіне сілтеме: қарау
ТМХ-ИС сайтына сілтеме: қарау