← Жаңалықтар

19 шілде 2022

«ТМХ Интеллектуалды жүйелер» Машиналық көру зертханасының ашылуы

«Транстелесофт» ЖШҚ өкілдері «ТМХ Интеллектуалды жүйелер» компаниясында Машиналық көру зертханасының ашылуына қатысты.

Қонақтарға инновациялық өнімдер таныстырылды:

Кедергілерді анықтаудың интеллектуалды CTRL@VISION 100 жүйесі, вагондармен алға қозғалу кезінде машинистке көмек көрсету жүйесі CTRL@VISION 100WE, жолаушылардың отыру/түсу процесін бақылау жүйесі CTRL@VISION BOARD.

Біздің кәсіпорын техникалық көрумен және өнеркәсіптік кәсіпорынның вагон паркінің логистикасын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен біріктіру мүмкіндігі бар жаңа цифрлық «Борт» локомотивтік қауіпсіздік жүйесін ұсынды.

Сондай-ақ қызықты әзірлеме — маневрлік локомотивті қашықтан басқару жүйесі таныстырылды.

СДУ МЛ (маневрлік локомотивті қашықтан басқару жүйесі) радиоарна арқылы тасымалы қашықтан басқару пультінің көмегімен локомотивті (немесе бірнеше локомотивті) 1000 м-ге дейінгі қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Кез келген маневрлік тепловозға немесе электровозға бейімделуі мүмкін.

Сондай-ақ ол кедергілерді анықтау жүйесімен кешенде қолданылуы мүмкін.

Фото: «ТМХ Интеллектуалды жүйелер».