27 қараша 2023
Моңғолиядағы ТЭ33АС локомотивтеріндегі «Борт» жүйесі
«Транстелесофт» ЖШҚ Моңғолияның Улан-Батор қаласында Моңғолия теміржолдарының басшылығымен кездесулер өткізді. Себебі – Қазақстан Республикасынан жеткізілген ТЭ33А сериялы төрт жаңа тепловоздан тұратын партияның пайдалануға берілуі. Астанадағы ЛҚЗ зауытында шығарылған бұл тепловоздар «Борт» локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесімен жабдықталған болатын.

«Транстелесофт» ЖШҚ локомотив деполарына «Борт» ЛҚЖ дешифрлеу жұмыс орындарының жиынтығын жеткізіп, тиісті мамандарға қажетті нұсқаулықтар өткізді.
21-23 қараша аралығында Моңғолия теміржолдарының басшылығына «Борт» жүйесімен жабдықталған локомотивтердің жаңа функционалдық мүмкіндіктерінің презентациялары өткізілді.


Видеоға сілтеме (қараңыз)