01 қазан 2024
ТМХ БОРТ локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесімен жарақтандырылған 2ТЭ25КМ тепловоздарын Қазақстанға жіберді
Кезекті төрт магистральдық 2ТЭ25КМ тепловозынан тұратын партия тапсырыс берушінің мекенжайына жіберілді.
2023 жылғы сәуірде жасалған келісімшартқа сәйкес, Брянскідегі ТМХ зауыты «КТЖ — Жүк тасымалы» үшін 2ТЭ25КМ сериялы 50 жүк магистральдық тепловозын дайындайды.

Кезекті төрт магистральдық тепловоздан тұратын партия тапсырыс берушінің мекенжайына жіберілді. Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша локомотивтер ООО «Транстелесофт» (ТМХ Интеллектуалды жүйелер компаниялар тобының құрамына кіреді) әзірлеген жаңа заманауи «БОРТ» локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесімен жарақтандырылады. БОРТ жүйесі автоматты локомотивтік сигнализацияның (АЛСН) жол құрылғыларымен жарақтандырылған теміржол учаскелерінде, сондай-ақ жартылай автоматты бұғаттаумен жарақтандырылған учаскелерде пайдаланылатын барлық түрдегі жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Кеден одағының ТР ТС 001/2011 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді. Жүйенің ерекшелігі — сенсорлық басқарылатын сұйық кристалды дисплей, қолданушыға ыңғайлы түсінікті интерфейс және заманауи элементтік база.
«КТЖ — Жүк тасымалы» Брянск машина жасау зауытының техникасын алғаш рет сатып алып отыр. Компания қызметкерлері брянск тепловоздарының өнімділігі мен сенімділігін, сондай-ақ локомотив бригадаларының жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайларды жоғары бағалады.

2ТЭ25КМ локомотивтері тапсырыс берушілердің ең қатаң талаптарына сай келеді және құрамдас бөлшектерінің жоғары сапасымен, сондай-ақ экологиялығымен және машинистер үшін қолайлылығымен ерекшеленеді. Тепловоз кез келген климаттық жағдайда, күрделі жол бейінді учаскелерде салмағы 6400 тоннаға дейінгі құрамдарды тасымалдай алады. Локомотивтердің конструкциясы негізгі тораптардың қолжетімділігімен ерекшеленеді, бұл жөндеу мен қызмет көрсету шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
@tmh_global